Веб-камера арқылы тікелей трансляция жасау

Веб-камера – тікелей трансляцияны кодтауға арналған бағдарламалық құралсыз-ақ компьютеріңізбен тікелей эфирге шығудың ең оңай жолы.

YouTube-те веб-камера арқылы тікелей трансляция жасау жолы

 

  1. Арнаңызда тікелей трансляция жасау функциясын қосып қойыңыз. Веб-камера арқылы трансляция жасау үшін Chrome браузерінің 60 не одан жоғары нұсқасы, ал Firefox браузерінің 53 не одан жоғары нұсқасы болуы керек.
  2. YouTube аккаунтына кіріңіз.
  3. Жоғарғы оң жақта "Жасау"  and then Тікелей эфирге шығу опциясын басыңыз.
  4. Сол жақтағы Веб-камера белгішесін басыңыз.
  5. Атауы мен сипаттамасын жазыңыз да, құпиялық параметрін таңдаңыз. Тікелей трансляцияны алдағы бір күнге жоспарлауыңызға да болады.
    • For users aged 13–17 on YouTube, your default privacy setting is set to private. If you’re 18 or over, your default privacy setting is set to public. All streamers can change this setting to make their live stream public, private, or unlisted.
  6. Қосымша опциялар and then Қосымша параметрлер опциясына кіріп, басқа параметрлерді көріңіз.
  7. Келесі түймесін басыңыз. Содан кейін камераңыз трансляцияның нобайын түсіреді.
  8. Веб-камера мен микрофонды дұрыс таңдаңыз.
  9. Тікелей эфирге шығу түймесін басыңыз.
  10. Трансляцияңызды басқару (мысалы, тэгтер қосу, монетизация және чат параметрлерін өзгерту және т.б.) үшін Өзгерту функциясын басыңыз. Тікелей эфир жүргізіп жатсаңыз да, жай уақытта да бұл параметрлерді өзгертуге болады.
  11. Тікелей трансляцияны аяқтаған соң, төменгі жақтағы Трансляцияны аяқтау түймесін басыңыз. Трансляция ұзақтығы 12 сағаттан аспаса, ол автоматты түрде мұрағатталады. "Тікелей эфир" қойындысынан алдыңғы, қазіргі және алдағы уақыттағы трансляцияларды көре аласыз.
Ескертпе: жоспарланған тікелей трансляцияны ашу немесе бастау үшін Тікелей эфирді басқару бетіне кіріп, Басқару түймесін басыңыз.

Тікелей эфирді басқару тақтасын пайдалану

Тікелей трансляция жасағанда, Тікелей эфирді басқару бетінің шағын нұсқасын (тікелей эфирді басқару тақтасы) пайдаланып, трансляцияңызға қажетті дисплей аймағын кішірейте аласыз. Тікелей эфирді басқару тақтасында көру саны және чаттан түскен табыс сияқты тікелей эфирді басқару бетіндегі маңызды ақпарат шағын дисплейде көрсетіледі.

Тікелей эфирді басқару тақтасын қосу үшін:

  1. Тікелей эфирді басқару бетінде трансляцияның бақылау тақтасына өтіңіз.
  2. Төменгі сол жақ бұрышта қалқымалы бақылау тақтасын Pop out басыңыз.

Тікелей эфирді басқару тақтасын жабу үшін терезеден шығыңыз.

Ескертпе: тікелей эфирді басқару тақтасы функциясын тікелей трансляцияны түрлендіргіш немесе веб-камера арқылы жасағанда ғана пайдалана аласыз.

Тікелей трансляцияңызға трейлер қосу

Аудиторияңызға алдағы тікелей трансляция трейлерін көрсету арқылы қызығушылығын оятыңыз. Тікелей эфир басталмай тұрып, көру бетінде көрермендерге трейлер көрсетіледі. 

Тікелей эфирді басқару бетіндегі "Басқару" қойындысынан жоспарланған трансляцияларда ғана трейлерді көрсетуге болады.

  1. Кәдімді бейне жүктеп салған сияқты трейлерді YouTube арнасына жүктеп салыңыз.
  2. YouTube Studio > Тікелей эфирге шығу тармағын басыңыз.
  3. Тікелей трансляцияны жоспарлаңыз немесе "Басқару" қойындысынан жоспарланған трансляцияны таңдаңыз.
  4. Жоғарғы оң жақта Өзгерту түймесін басыңыз.
  5. Бейімдеу түймесін басыңыз.
  6. "Трейлер" бөлімінде Қосу түймесін басыңыз.
  7. Трейлер бейнесін таңдаңыз.
  8. Сақтау түймесін басыңыз.

Жарамдылық

Бұл функция 1000-нан астам жазылушысы бар және Қауымдастық қағидаларының бұзылғандығы туралы ескерту алмаған авторларға қолжетімді. 

 

Талаптар

  • Бейне түрі: кез келген YouTube қолдайтын бейне түрін пайдаланыңыз.
  • Бейне ұзақтығы: 15 секунд–3 минут.
  • Арақатынас және ажыратымдылық: премьералық бейнедегідей арақатынас пен ажыратымдылықты пайдаланған жөн.
  • Аудио және бейнеге қатысты құқықтар: трейлердің басқа контентті заңсыз пайдаланбайтынына көз жеткізіңіз.
Қауымдастық қағидаларының талаптарын бұзатын контенттің болмауын қадағалаңыз.

Тікелей трансляцияларды басқару

YouTube Studio бақылау тақтасынан қазіргі, алдағы және өткен тікелей трансляцияларды көре аласыз. Ол үшін:
  1. YouTube Studio-ға немесе studio.youtube.com веб-бетіне кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Контент опциясын таңдаңыз.
  3. "Тікелей эфир" қойындысын басыңыз.
    • Тікелей эфирде: тікелей трансляция жасалып жатқан бейнелер.
    • Алдағы: алдағы уақытқа жоспарланып қойған тікелей трансляция.
    • Қайталау: тікелей трансляциясы жасалып қойған бейнелер.

Тікелей эфирді басқару бетіне кіріп, жоспарланған тікелей трансляцияларды көруіңізге және бастауыңызға болады.

  1. Сол жақтағы Басқару түймесін басыңыз.
  2. Ашқыңыз келетін жоспарланған тікелей трансляцияны басыңыз.
  3. Тікелей эфирге шығу түймесін басыңыз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
1730631445831336931
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false