Монетизация үшін IFTTT қызметін пайдалану

YouTube Partner Program бағдарламасының бір бөлігі болсаңыз, IFTTT арқылы көрермендеріңізге түрлі мүмкіндіктер бере аласыз. IFTTT – үшінші тараптың әртүрлі қолданбаларды, қызметтер мен құрылғыларды байланыстыратын веб-технологияға негізделген қызметі.

Тікелей трансляция кезінде шынайы әрекеттерді автоматты түрде іске қосу үшін IFTTT апплеттерін пайдалануға болады. IFTTT төлейтін жанкүйерлерді танып, қауымдастықты басқара алады. IFTTT қызметінде көптеген бірегей және қызықты әрекеттестіктер бар, ол қазіргі уақытта келесі YouTube монетизация функцияларымен жұмыс істейді:

  • Super ChatКөрермендер Super Chat хабарларын сатып алғанда, әрекеттер іске қосылады.
  • Арна мүшеліктеріКөрермендер арна мүшесі ретінде қосылғанда, әрекеттер іске қосылады.

IFTTT туралы сұрақ-жауап​

Бұл интеграция дегеніміз не?

YouTube арнаңызды IFTTT арқылы қосқаннан кейін, қосылған қолданбаларды, қызметтерді және құрылғыларды Super Chat және арна мүшеліктері көмегімен байланыстыруға болады. Тікелей трансляция кезінде Super Chat хабарларын сатып алған немесе арна мүшесі ретінде қосылған көрермендер шынайы әрекеттерді іске қоса алады.
Апплеттер Super Chat хабары мен арна мүшеліктерін мыналармен байланыстырады:
  • Google Drive сияқты онлайн қызметтер және әлеуметтік желі платформалары.
  • Смарт жарық көздері немесе смарт ауыстырғыштар сияқты интернетке қосылған құрылғылар.
Қолжетімді Super Chat апплеттері мен арна мүшелігінің апплеттерін тексеріңіз және IFTTT туралы толық ақпарат алыңыз.

Бірдеңе сатып алуым керек пе?

Бұл көрермендер үшін жасағыңыз келетін әрекеттестік түріне байланысты. Кейбірі интернетке қосылған құрылғы сатып алуды талап етеді. Сізде бұрыннан бар көптеген интернетке қосылған құрылғылар да жұмыс істейді.
Super Chat хабарына немесе арна мүшеліктеріне қатысты кейбір дайын әрекеттестіктерді пайдалануға болады. Өзіңіздікін де жасай аласыз. Қолданба, қызмет немесе құрылғы IFTTT қызметімен жұмыс істейтіндігіне көз жеткізіңіз.

Қалай реттей аламын?

Алдымен YouTube арнаңызды IFTTT арқылы қосуыңыз керек.
  1. IFTTT аккаунты болмаса, оны жасаңыз.
  2. Сіз монетизация функциялары үшін пайдаланатын YouTube аккаунтымен және арнасымен YouTube-ке қосылыңыз.
Аккаунттар қосылғаннан кейін, IFTTT ішінде әрекеттерді іске қосатын апплетті жасау немесе бұрыннан бар, жарияланған апплетті пайдалану арқылы әрекеттестіктерді жасауға болады.

Super Chat үшін IFTTT апплеттерін алу немесе жасау

Жарамдылық

Бұл функцияны қосу үшін:

Алдын ала жасалған апплеттерді пайдалану

Алдын ала жасалған апплеттердің әртүрлі нұсқаларын таңдауға болады. Тікелей трансляция кезінде көрермендерге шынайы әрекеттерді іске қосуға мүмкіндік беретін апплеттерді табасыз. Апплеттер төлейтін жанкүйерлерді тануға, қауымдастықты басқаруға және т.б. көмектеседі.

Өз апплетіңізді жасау

Пайдаланушылар үшін тәжірибені бейімдеуге және өзіңіздің апплеттеріңізді жасауға болады. Өз апплетіңізді жасау үшін мына нұсқауларды орындаңыз:
  1. ifttt.com/create сайтына өтіңіз.
  2. +Мынау түймесін басыңыз.
  3. YouTube логотипін таңдаңыз.
  4. YouTube арнаңызды қосу үшін нұсқауларды орындаңыз.
  5. Триггер ретінде "Жаңа Super Chat хабары" опциясын таңдап, триггер болсын деген түс деңгейін таңдаңыз.
  6. +Анау түймесін басып, кез келген әрекет қызметін таңдаңыз.
  7. Осы қызметті қосу және әрекетті таңдау үшін нұсқауларды орындаңыз.
  8. Апплетті қарап шығып, Аяқтау түймесін басыңыз.

Super Chat апплеттерін сынау жолы

Апплеттерді жасағаннан кейін сынау керек. Апплетті сынаудың ең оңай жолы – электрондық пошта. Сынау үшін:
  1. ifttt.com/create сайтына өтіңіз.
  2. +Мынау түймесін басыңыз.
  3. YouTube логотипін тауып, басыңыз.
  4. YouTube арнаңызды қосу үшін нұсқауларды орындаңыз.
  5. Триггер ретінде "электрондық хат" және "IFTTT қызметіне кез келген электрондық хат жіберу" параметрлерін таңдаңыз.
  6. +Анау түймесін басып, кез келген әрекет қызметін таңдаңыз.
  7. Осы қызметті қосу және әрекетті таңдау үшін нұсқауларды орындаңыз.
  8. Апплетті қарап шығып, Аяқтау түймесін басыңыз.
  9. Сынау үшін IFTTT электрондық пошта аккаунтына электрондық хат жіберіңіз. Апплет бірнеше секунд ішінде іске қосылуы керек.

​Авторлар мен көрермендер YouTube Қызмет көрсету шарттары мен Қауымдастық қағидаларына бағынуы керек. Сондай-ақ олар авторлық құқық ережелерін ұстануы керек және басқалардың құпиялық құқықтарын қорғауы керек.

Ақауларды жою мәселелері

Апплет жұмыс істемесе, мәселе триггерде немесе әрекетте болуы мүмкін. Мәселе IFTTT қызметінің өзінде де болуы мүмкін. Қиындықтар туындаса, келесі әрекеттерді орындап көріңіз:
  • Құрылғыларыңыз қосулы екеніне және интернетке қосылғанына көз жеткізіңіз.
  • Апплеттерде триггердің әрбір орындалу күйін беретін IFTTT қызметіндегі әрекеттер фидін тексеріңіз. Сондай-ақ бұл фидте кез келген қателер көрсетіледі.

IFTTT веб-сайтында ақауларды жою туралы қосымша кеңестерді алыңыз.

Мүшеліктер үшін IFTTT апплеттерін алу немесе жасау

Жарамдылық

Бұл функцияны қосу үшін:

Алдын ала жасалған апплеттерді пайдалану

Алдын ала жасалған апплеттердің әртүрлі нұсқаларын таңдауға болады. Тікелей трансляция кезінде көрермендерге шынайы әрекеттерді іске қосуға мүмкіндік беретін апплеттерді табасыз. Апплеттер төлейтін жанкүйерлерді тануға, қауымдастықты басқаруға және т.б. көмектесуі мүмкін.

Өз апплетіңізді жасау

Пайдаланушылар үшін тәжірибені бейімдеуге және өзіңіздің апплеттеріңізді жасауға болады. Өз апплетіңізді жасау үшін мына нұсқауларды орындаңыз:
  1. ifttt.com/create сайтына өтіңіз.
  2. +Мынау түймесін басыңыз.
  3. YouTube логотипін таңдаңыз.
  4. YouTube арнаңызды қосу үшін нұсқауларды орындаңыз.
  5. Триггер ретінде "Жаңа арна мүшелігі" параметрін таңдаңыз.
  6. +Анау түймесін басып, кез келген әрекет қызметін таңдаңыз.
  7. Осы қызметті қосу және әрекетті таңдау үшін нұсқауларды орындаңыз.
  8. Апплетті қарап шығып, Аяқтау түймесін басыңыз.

Мүшелік апплеттерін сынау жолы

Апплеттерді жасағаннан кейін сынау керек. Апплетті сынаудың ең оңай жолы – электрондық пошта. Сынау үшін:
  1. ifttt.com/create сайтына өтіңіз.
  2. +Мынау түймесін басыңыз.
  3. YouTube логотипін таңдаңыз.
  4. YouTube арнаңызды қосу үшін нұсқауларды орындаңыз.
  5. Триггер ретінде "электрондық хат" және "IFTTT қызметіне кез келген электрондық хат жіберу" параметрлерін таңдаңыз.
  6. +Анау түймесін басып, кез келген әрекет қызметін таңдаңыз.
  7. Осы қызметті қосу және әрекетті таңдау үшін нұсқауларды орындаңыз.
  8. Апплетті қарап шығып, Аяқтау түймесін басыңыз.
  9. Сынау үшін IFTTT электрондық пошта аккаунтына электрондық хат жіберіңіз. Апплет бірнеше секунд ішінде іске қосылуы керек.

Авторлар мен көрермендер YouTube Қызмет көрсету шарттары мен Қауымдастық қағидаларына бағынуы керек. Сондай-ақ олар авторлық құқық ережелерін ұстануы керек және басқалардың құпиялық құқықтарын қорғауы керек.

Ақауларды жою мәселелері

Апплет жұмыс істемесе, мәселе триггерде немесе әрекетте болуы мүмкін. Мәселе IFTTT қызметінің өзінде де болуы мүмкін. Қиындықтар туындаса, келесі әрекеттерді орындап көріңіз:
  • Құрылғыларыңыз қосулы екеніне және интернетке қосылғанына көз жеткізіңіз.
  • Апплеттерде триггердің әрбір орындалу күйін беретін IFTTT қызметіндегі әрекеттер фидін тексеріңіз. Сондай-ақ бұл фидте кез келген қателер көрсетіледі.

IFTTT қызметінен ақауларды жою туралы қосымша кеңестерді алыңыз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
1418818400511804206
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false