Автоматты субтитр пайдалану

Субтитрлер контентті көрермендерге қолайлы етеді. Бейнелердің субтитрлерін автоматты жасау үшін YouTube сөздерді тану технологиясын пайдалана алады.
Ескертпе: бұл автоматты субтитрлерді машина оқыту алгоритмдері жасаған, сондықтан олардың сапасына кепіл жоқ. Авторлар алдымен кәсіби субтитрлерді қосқан жөн. YouTube өзінің сөздерді тану технологиясын үнемі жетілдіріп отырады. Алайда автоматты субтитрлер қате айтылу, акцент, диалект не фондағы шу салдарынан ауызша контентті бұрмалауы мүмкін. Автоматты субтитрлерді әрдайым тексеріп, дұрыс транскрипцияланбаған бөліктерін түзету қажет.

Ұзақ бейнелердегі және Shorts бейнелеріндегі автоматты субтитрлер

Автоматты субтитрлер ағылшын, араб, голланд, жапон, иврит, индонезия, испан, корей, неміс, орыс, португал, түрік, украин, француз және хинди тілдерінде қолжетімді. Бейнеде бірнеше тілде айтылатын аудиотректер болса, автоматты субтитрлер әдепкі тілде беріледі.

Авторлар алдымен кәсіби субтитрлерді қосқан жөн. Автоматты субтитрлер қолжетімді болса, олар бейнеде автоматты түрде жарияланады. Бейнені жүктеп салған сәтте автоматты субтитрлер дайын болмауы мүмкін. Өңдеу уақыты бейнедегі аудионың күрделілігіне байланысты.

YouTube өзінің сөздерді тану технологиясын үнемі жетілдіріп отырады. Бірақ автоматты субтитрлер қате айтылу, акцент, диалект не фондағы шу салдарынан ауызша контентті бұрмалауы мүмкін. Автоматты субтитрлерді әрдайым тексеріп, дұрыс транскрипцияланбаған бөліктерін түзету қажет.

Мұнда автоматты субтитрлерді тексеру және қажет болса, өзгертулер енгізу жолы берілген:

  1. YouTube Studio аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Субтитрлер тармағын таңдаңыз.
  3. Жазулар немесе субтитрлер қосқыңыз келген бейнені басыңыз.
  4. "Субтитрлер" тармағының астында өзгерткіңіз келген субтитрлердің жанындағы "Тағы"  түймесін басыңыз.
  5. Автоматты субтитрлерді тексеріңіз және дұрыс транскрипцияланбаған бөліктерін түзетіңіз немесе өшіріңіз.

Автоматты субтитрлерге қатысты ақауларды жою

Бейне автоматты субтитрлер жасамаса, оның бірнеше себебі болуы мүмкін:

  • Бейнедегі аудионың күрделі болуына байланысты субтитрлерді өңдеу әлі аяқталмаған.
  • Автоматты субтитрлер бейнедегі тілде ұсынылмайды.
  • Бейне тым ұзақ.
  • Бейнедегі дыбыс сапасы нашар немесе YouTube сөздерді тани алмады.
  • Бейненің басында ұзақ уақыт дыбыс жоқ.
  • Бейнеде бірнеше спикер бар және олардың сөздері қабаттасып кеткен немесе бір уақытта бірнеше тілде айтылған.
Тікелей трансляция бейнелеріндегі автоматты субтитрлер
Ескертпе: тікелей трансляцияларға арналған автоматты субтитрлер тек ағылшын тілінде қолжетімді. Автоматты субтитрлерді бүкіл арнаға емес, тек жеке тікелей трансляцияларға қосуға болады.

Тікелей трансляцияларға арналған автоматты субтитрлер қазір ағылшын тіліндегі арналарға енгізіліп жатыр. Бұл арналар кәсіби субтитрлері жоқ, "қалыпты кідіріспен" трансляцияланып жатыр. Авторлар алдымен кәсіби субтитрлерді пайдаланған жөн. Live Caption талаптары туралы толық ақпарат алыңыз.

Тікелей трансляция аяқталғаннан кейін, тікелей трансляцияның автоматты субтитрлері бейнеде сақталмайды. Жаңа автоматты субтитрлер VOD процесі бойынша жасалады және олар тікелей трансляция кезінде көрсетілетін субтитрлерден басқаша болуы мүмкін.

Тікелей эфирдің автоматты субтитрлерін реттеу

Мұнда тікелей трансляцияның автоматты субтитрлерін (тек ағылшын тілінде) қосу жолы берілген:

  1. YouTube-ке өтіңіз.
  2. Оң жақ жоғарғы бөліктегі Жасау "" and then Тікелей эфирді бастау түймесін басыңыз.
  3. Сол жақ мәзірден Трансляция "" тармағын таңдаңыз.
  4. Трансляция параметрлерінде Субтитр параметрін қосыңыз.
  5. "Автоматты субтитрлерді" субтитрлер көзі ретінде таңдаңыз.
  6. Бейне тілін (тек ағылшын) таңдаңыз.

Тікелей эфирдің автоматты субтитрлеріне қатысты ақауларды жою

Тікелей трансляция автоматты субтитрлерді көрсетпесе, оның бірнеше себебі болуы мүмкін:

  • Арна үшін функция қосылмаған, себебі функцияны 1000-нан астам жазылушылары бар арналарға жайлап енгізіп жатырмыз.
  • Арна төмен және өте төмен кідіріспен (мысалы, мобильдік құрылғыдан жасалған тікелей трансляция) трансляцияланып жатыр. Тікелей эфирдің автоматты субтитрлері қалыпты кідіріспен трансляцияланғанда ғана қолжетімді.
  • Автоматты субтитрлер бейнедегі тілде ұсынылмайды.
  • Бейнедегі дыбыс сапасы нашар немесе YouTube сөздерді тани алмады.
  • Бейнеде бірнеше спикер бар және олардың сөздері қабаттасып кеткен немесе бір уақытта бірнеше тілде айтылған.
Ескертпе: автоматты субтитрлер тікелей трансляцияларда көрсетілмеуі үшін, авторларға қолдау көрсету ұжымына хабарласыңыз.

Автоматты субтитрдің қосымша параметрлері

Автоматты субтитрлерде орынсыз болуы ықтимал сөздер

YouTube Studio-да "Орынсыз болуы ықтимал сөздерді көрсетпеу" параметрі орнатылса, автоматты субтитрлерде әдепкісінше орынсыз сөздердің орнына ашық жақша, екі астыңғы сызық және жабық жақша "[ __ ]" жазылады. Бұл параметр ешбір аудиотрекке немесе қолмен енгізілген субтитрлерге әсер етпейді. Бұл — орынсыз болуы ықтимал сөздерді автоматты субтитрлерде қателікпен көрсетпеуге арналған. Сонымен қатар бұл параметр бейненің монетизация күйіне әсер етпейді.

Автоматты субтитр жүктеп салынған бейнелерге және тікелей трансляцияларға қолданылады.

Сөздерді тануға арналған бағдарламалық құралымызды үнемі жақсартып, автоматты субтирт қателерін азайтып жатқандықтан, авторлар барлық автоматты жасалған субтитрді тексергені жөн.

Мұнда "Орынсыз болуы ықтимал сөздерді көрсетпеу" параметрін қажет кезде өшіру жолы берілген:

  1. YouTube Studio аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден "Параметрлер" "" белгішесін таңдаңыз.
  3. Арна and then Қосымша параметрлер тармағын таңдаңыз.
  4. "Автоматты жасалған субтитрлер" тармағындағы Орынсыз болуы ықтимал сөздерді көрсетпеу опциясынан белгіні алыңыз.
Ескертпе: бұл параметр автоматты жасалған және аударылған субтитрлер үшін қолжетімді.
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
12100909873964803904
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false