YouTube-тің серіктестермен жұмыс істейтін менеджері туралы жалпы ақпарат

YouTube-тің серіктестермен жұмыс істейтін менеджері YouTube арнаңыздың мүмкіндіктерін барынша пайдалануға көмектесумен айналысады. Тек шақыру арқылы жұмыс істейтін бағдарламамыз авторларды түрлі жолдармен қолдайды. Мұның пайдасын даму стратегияларын білгісі, ниеттес авторлармен байланыс орнатқысы немесе YouTube жайлы білетін адаммен қарым-қатынас жасағысы келетін авторлар көреді.

Серіктестермен жұмыс істейтін менеджер деген кім?

Серіктестермен жұмыс істейтін менеджердің жұмысы — авторларға әлеуетін ашуға көмектесу. Серіктестермен жұмыс істейтін менеджер YouTube-тегі жеке маманыңыз сияқты.

Серіктестермен жұмыс істейтін менеджер YouTube-те табысты болуыңызға мынадай бірнеше жолмен көмектеседі:

  • Жеке қолдау: серіктестермен жұмыс істейтін менеджерлер сізбен тұрақты түрде жеке кездесулер өткізіп тұрады. Мұндай кездесулерде арнаның жеке мақсаттарын анықтау, арнаны оңтайландыру стратегиялары туралы сөйлесуіңізге немесе табысты YouTube арнасын жүргізуге қатысты сұрақтар қоюыңызға болады.
  • Авторларға арналған іс-шаралар мен семинарларға айрықша шақыру: серіктестермен жұмыс істейтін менеджердің арқасында YouTube демеушілік көрсететін іс-шаралар мен оқу семинарларына қатысуға шақыру алып отырасыз. Осылайша ниеттес авторлармен байланыс орната аласыз.
  • Жаңа авторлық бағдарламалармен және ұсыныстармен бірінші болып танысу: жаңа YouTube функцияларын пайдалану немесе эксперименттік пилоттық жобаларға қатысу сияқты жаңа авторлық бағдарламалармен алғашқылардың бірі болып танысасыз.

Серіктестермен жұмыс істейтін менеджер бағдарламасы — тек шақыру бойынша жұмыс істейтін, мерзімі шектеулі артықшылық. Біз оны жарамдылық шарттарымызға сай келетін белгілі бір арналарға 6 ай мерзімге ұсынамыз. Серіктестің жарамдылығын арнаның көлеміне, арнаны пайдалану тарихына және YouTube Қауымдастық қағидаларын сақтауына қарай анықтаймыз. Толық ақпарат

Серіктестермен жұмыс істейтін менеджер көмегін пайдаланудың артықшылықтары туралы толық ақпарат YouTube Creators веб-сайтында берілген.

YouTube Partnerships ұжымына жиі қойылатын сұрақтардың жауаптары

Серіктестермен жұмыс істейтін менеджер көмегін кім пайдалана алады?
Серіктестермен жұмыс істейтін менеджер бағдарламасы әзірге тек шақыру бойынша жұмыс істейді.
Жалпы мынадай арналармен жұмыс істейміз:
  • серіктестермен жұмыс істейтін менеджерлер бар елдер мен аймақтарда орналасқан;
  • YouTube Partner Program бағдарламасына қатысатын;
  • арнаны дамытуға ұмтылатын;
  • Қауымдастық қағидаларының бұзылғандығы туралы ескерту алмаған;
  • авторлық құқықтың бұзылғаны туралы алған ескерту саны біреу ғана;
  • жарнамаға қолайлы контент туралы қағидаларымызды сақтайтын арналар.
Серіктестермен жұмыс істейтін менеджер бағдарламасы қандай елдер мен аймақтарда қолжетімді?
Төмендегі елдер мен аймақтардың бірінде тұрсаңыз, серіктестермен жұмыс істейтін менеджер көмегін пайдалана аласыз:
  • Аргентина
  • Aустралия
  • Aустрия
  • Бахрейн
  • Беларусь
  • Бельгия
  • Бразилия
  • Канада
  • Қытай
  • Дания
  • Мысыр
  • Финляндия
  • Франция
  • Германия
  • Гонконг
  • Исландия
  • Үндістан
  • Индонезия
  • Иран
  • Ирак
  • Ирландия
  • Италия
  • Жапония
  • Иордания
  • Қазақстан
  • Корея
  • Kувейт
  • Ливан
  • Meксика
  • Марокко
  • Жаңа Зеландия
  • Норвегия
  • Oман
  • Филиппин
  • Польша
  • Португалия
  • Ресей
  • Сауд Арабиясы
  • Испания
  • Швеция
  • Швейцария
  • Тайуан
  • Tаиланд
  • Нидерланд
  • Tүркия
  • Украина
  • Біріккен Араб Әмірліктері
  • Біріккен Корольдік
  • Америка Құрама Штаттары
  • Вьетнам
  • Йемен
Серіктестермен жұмыс істейтін менеджер көмегі ақылы ма?
Жоқ. Серіктестермен жұмыс істейтін менеджер көмегіне ақы төлеудің қажеті жоқ.
Көп арналы желімен байланысқанмын, сонда да бағдарламаға тіркеле аламын ба?
Иә. Авторлар көп арналы желімен байланысқан болса да, серіктестермен жұмыс істейтін менеджер көмегін ала алады.
Жарамдылық шарттарына сай келмейді екенмін. Не істеу керек?
Арнаңызды дамыту, қауымдастық құру және т.б. мүмкіндік алу үшін пайдалануға болатын көптеген ресурстар бар. Міндетті түрде Creator Hub орталығына кіріп, пайдалана алатын ресурстарды қараңыз.
Маған келетін электрондық хаттарды шынымен YouTube жіберіп жатқанын қалай білуге болады?
Сізге арнаңыз туралы көп адам хабарласуы мүмкін екенін білеміз. Электрондық хатты шынымен YouTube ұжымы жіберіп жатқанын былай білуге болады:
  • Электрондық пошта доменін тексеріңіз. Электрондық хат @google.com, @youtube.com немесе @partnerships.withyoutube.com электрондық пошталарынан келгенін тексеріңіз. YouTube немесе Google атынан деп басқа доменнен келген электрондық хаттар жалған болуы мүмкін.
  • Сілтемелерді тексеріңіз. Электрондық хатта берілген сілтемелердің немесе үлгілердің URL мекенжайлары youtube.com, withgoogle.com, withyoutube.com, youtube.secure.force.com немесе youtube.force.com деп аяқталатынын тексеріңіз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
2524327881268845754
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false