Тікелей трансляцияларға қатысты авторлық құқық мәселелері

Барлық тікелей трансляция сканерленіп, онда үшінші тарап контентінің, соның ішінде басқа тікелей тарату түріндегі авторлық құқықпен қорғалған контенттің бар-жоғы тексеріледі.

Үшінші тарап контентінің бар екені анықталса, тікелей трансляцияңыздың орнына плейсхолдер сурет қойылуы мүмкін. Үшінші тарап контентін трансляциялауды тоқтатуды талап ететін хабарландыру аласыз. Осы хабарландыру талабын сақтап, мәселені шешсеңіз, трансляцияны жалғастыруға болады.

Трансляциядан үшінші тарап контентін алып тастамасаңыз, трансляцияңыз уақытша үзіледі не толық тоқтатылады. Трансляцияда үшінші тарап контенті болғандықтан, ол автоматты түрде тоқтатылып, DMCA авторлық құқық туралы хабарлау үлгісін қолданғандағы сияқты жойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда үшінші тарап контенті қамтылған тікелей трансляцияны жалғастыруға болмайды, сондықтан ол автоматты түрде тоқтатылады. Авторлық құқықтың немесе Қауымдастық қағидаларының бұзылуына қатысты ескерту алсаңыз да, трансляцияңыз тоқтатылуы мүмкін.

Тікелей трансляция жүргізу құқығын қалпына келтіру

Тікелей трансляцияңыз тоқтап қалса, YouTube Studio бақылау тақтасында ескертулердің бар-жоғын тексеріңіз. Тізімдегі мәселелерді шешсеңіз, тікелей трансляция жүргізу құқығыңыз қалпына келтірілуі мүмкін. Тікелей трансляцияға қойылатын шектеулер туралы қосымша ақпарат алыңыз.

Тікелей трансляцияда лицензиясы бар үшінші тарап контентін көрсету

Трансляцияда көрсету үшін үшінші тарап контентінің лицензиясын алған болсаңыз, контент иесінен Content ID арқылы арнаңызды рұқсат тізіміне қосуды сұраңыз.

Егер арнаңыз рұқсат тізіміне қосылмаса, үшінші тарап контенті лицензиясының болуына қарамастан, тікелей трансляцияңыз тоқтатылуы мүмкін. Арнаңыз контент иесінің рұқсат тізіміне қосылмаған болса, тікелей трансляцияны лицензия аясында қажетті құқықтарыңыз бар аймақтармен шектесеңіз де, ол үзілуі мүмкін.

Мұрағатталған тікелей трансляцияларға қатысты Content ID шағымдары

Content ID шағымдары тікелей трансляция аяқталған соң, оны мұрағаттайтын болсаңыз ғана жіберіледі. Content ID шағымдары туралы толық ақпарат алыңыз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
1020498138124569489
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false