Тікелей трансляция жасау кезінде туындаған қате туралы хабар

Тікелей эфирді бақылау тақтасы және Тікелей эфирді басқару беті YouTube платформасына жасап жатқан трансляцияңыздағы қателерді тексереді. Қате туралы хабарлар Тікелей эфирді басқару бетінің жоғары жағындағы күй индикаторының жанында көрсетіледі.

Әр қатенің жанында уақыт белгісі бар, ол оның қаралған уақытын көрсетеді. Егер қате түзетілмесе, оның қалқымалы терезесі шыға береді. Қызыл түсті қателердің маңызы өте жоғары болғандықтан, оқиғаның басталуына кедергі келтіруі немесе пайдаланушыларға мәселелер тудыруы мүмкін. Сары түсті қателердің маңызы орташа, олар трансляция сапасының нашарлауына себеп болуы мүмкін.

Қателердің толық тізімі мынадай:

Күнделікті тікелей трансляция шегіне жеттіңіз:

YouTube платформасын баршаға қауіпсіз ету үшін арналар 24 сағат ішінде жасай алатын тікелей трансляция санына шектеу қоямыз. Күнделікті шекті арттыру үшін осы мақаланы оқыңыз.

Трансляция форматы қате

Түрлендіргішіңіз H.264 бейне форматынан және AAC аудио форматынан басқа форматқа орнатылған. Деректер дұрыс тасылмалдануы үшін трансляцияда бейнені H.264 форматына және аудионы AAC форматына ауыстырыңыз.

  • Бейнеге арналған контейнер форматын өзгертіңіз. Қолданыстағы контейнер форматы бұл конфигурацияға сәйкес келмейді.
  • Аудио трансляция жарамсыз кодекпен кодталған. Трансляцияның аудио кодегін жарамды кодекке (AAC, MP3) орнатыңыз.
  • Трансляцияның бейне кодегін H.264 форматына орнатыңыз. Бейне қате кодекпен кодталған.
  • Трансляцияның бейне кодегі профилін түзетіңіз. Бейне қате кодек профилімен кодталған.

Дерек беру жылдамдықтары қате

Егер трансляцияңызда айнымалы ажыратымдылық қолданылмаса, "Деректі тасымалдау параметрлері" бетінде таңдалған ажыратымдылық үшін деректерді берудің нақты жылдамдығын қолданыңыз. Егер таңдалған ажыратымдылық үшін өткізу мүмкіндігі жеткіліксіз болса, таңдалған ажыратымдылықты төмендетіп көріңіз. Әр ажыратымдылық үшін деректерді берудің дұрыс жылдамдықтары түрлендіргіш параметрлерінде тізімделген. Қате туралы хабарларды түзетіп, бейнеңіздің қайта қодталып, дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.

  • Аудио трансляция деректерін беру жылдамдығының 128 кбит/с мәнін пайдалануға кеңес береміз. Аудио трансляцияның ағымдағы деректерді беру жылдамдығы ұсынылған жылдамдықтан жоғары.
  • Аудио трансляция деректерін беру жылдамдығының 128 кбит/с мәнін пайдалануға кеңес береміз. Аудио трансляцияның ағымдағы деректерді беру жылдамдығы ұсынылған жылдамдықтан төмен.
  • Трансляциядағы аудионың дискретизация жиілігін 44,1 кГц мәніне түзетіңіз. Орнатылған дискретизация жиілігі дұрыс емес.
  • Трансляция деректерін беру жылдамдығының X мәнін пайдалануға кеңес береміз. Трансляцияның ағымдағы деректерді беру жылдамдығының мәні ұсынылған жылдамдықтан жоғары.
  • Трансляция деректерін беру жылдамдығының X мәнін пайдалануға кеңес береміз. Трансляцияның ағымдағы деректерді беру жылдамдығының мәні ұсынылған жылдамдықтан төмен.

Аудио параметрлері қате

Түрлендіргішіңіз қате аудио параметрлерін жіберіп жатыр. Қате туралы хабарларды түзетіп, аудиоңыздың дұрыс жіберілгеніне көз жеткізіңіз.

  • Бір аудио трансляция ұсыныңыз. Деректі тасымалдау ағынында аудио трансляция жоқ.
    • Түрлендіргішіңіз ешқандай аудио жіберіп жатқан жоқ. Кейбір түрлендіргіштерде аудионы қосуға арналған құсбелгі ұяшығы бар. YouTube конвейерінде барлық бейнеге аудио қажет.
  • Бір аудио трансляция ұсыныңыз. Деректі тасымалдау ағынында бірнеше аудио трансляция бар.
    • Бірнеше аудио трансляция деректі тасымалдауда мәселе тудырады.
  • Аудио арналарының санын түзетіңіз. Аудиодағы арна саны 2-ден көп. Тек 1 (моно) немесе 2 (стерео) арнаға қолдау көрсетіледі.

Бейне параметрлері қате

Түрлендіргішіңіз қате бейне параметрлерін жіберіп жатыр. Қате туралы хабарларды түзетіп, бейнеңіздің дұрыс жіберілгеніне көз жеткізіңіз.

  • Бір бейне ағынын ұсыныңыз. Деректі тасымалдау ағынында бейне ағыны жоқ.
  • Бір ғана бейне ағынын ұсыныңыз. Деректі тасымалдау ағынында бірнеше бейне ағыны бар.
  • Мұндай аралас бейнеге қолдау көрсетілмейді.
    • Бейнеңіздің прогрессивті екеніне көз жеткізіңіз. Әйтпесе, бейнеңіздің сапасына айтарлықтай әсер ететін артефактілер пайда болады.
  • Қолданыстағы кадр жиілігі тым жоғары  Кадр жиілігін X кадр/сек немесе одан төмен мәнге орнатыңыз. 
    • Кадр жиілігі мен негізгі кадр жиілігі байланысты екенін есте сақтаңыз. Кадр жиілігін өзгертсеңіз, негізгі кадрлар 2 секунд сайын көрсетілуі үшін негізгі кадр жиілігін де өзгертуіңіз керек.

Бейнедегі негізгі кадр жиілігі қате

Түрлендіргішіңіз негізгі кадрларды тым жиі немесе сирек жіберіп жатыр. Негізгі кадрлар 2 секунд сайын жіберілетіндей өзгертіңіз. 30 кадр/с = әр 60 кадр.

  • Төрт секундтық немесе одан қысқа негізгі кадр жиілігін пайдаланыңыз. Қазір негізгі кадрлар жиі жіберіліп жатқан жоқ, бұл буферлеуге әсер етуі мүмкін. Ағымдағы негізгі кадр жиілігі – X секунд. Деректерді тасымалдау кезінде қателер бар болса, суреттер тобы өлшемдерінің қате болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
  • Суреттер тобының өлшемі кішкентай, бұл сурет сапасын төмендетуі мүмкін. Төрт секундтық негізгі кадр жиілігін пайдаланғаныңыз дұрыс. Ағымдағы негізгі кадр жиілігі – X секунд. Деректерді тасымалдау кезінде қателер бар болса, суреттер тобы өлшемдерінің қате болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
    • Кейбір түрлендіргіштер суреттер тобын ашық (айнымалы) немесе жабық (тұрақты) деп өзгертуге мүмкіндік береді. YouTube конвейеріне оңтайлы қайта кодтау үшін жабық суреттер тобы қажет.

Бейне өлшемі (ажыратымдылық) қате

Бейнеңіздің биіктігі мен ені "Деректі тасымалдау параметрлері" бетінде таңдалған ажыратымдылыққа сәйкес болуға тиіс. Әр ажыратымдылық үшін дұрыс өлшемдер түрлендіргіш параметрлерінде "ені x биіктігі" ретінде тізімделген.

  • Бейне ажыратымдылығын тексеріңіз. Қазіргі ажыратымдылық (Х) оңтайлы емес.
  • Бейне ажыратымдылығын өзгерту керек. Қазіргі ажыратымдылыққа (X) бұл конфигурацияда қолдау көрсетілмейді. Ұсынылатын бейне ажыратымдылығы – X.

Негізгі және резервтік ағындар бір-біріне сәйкес келмейді

Негізгі және резервтік ағындар ақаусыз дұрыс жұмыс істеуі үшін, олардың параметрлері бірдей болуға тиіс. Қате туралы хабарларды түзетіп, негізгі және резервтік ағындар сәйкес екеніне көз жеткізіңіз.

  • Бейне ажыратымдылығы бірдей болу үшін, негізгі ағынды және резервтік ағынды конфигурациялаңыз. Қолданыстағы конфигурацияда ағындардың ажыратымдылықтары әртүрлі.
  • Бейне кодектері бірдей болу үшін, негізгі ағынды және резервтік ағынды конфигурациялаңыз. Қолданыстағы конфигурацияда ағындардың бейне кодектері әртүрлі.
  • Бейненің кезектесуі бірдей болу үшін, негізгі ағынды және резервтік ағынды конфигурациялаңыз. Қолданыстағы конфигурацияда ағындардың кезектесуі әртүрлі.
  • Профильдің бірдей болуы үшін, негізгі ағынды және резервтік ағынды конфигурациялаңыз. Қолданыстағы конфигурацияда ағындардың профильдері әртүрлі.
  • Деректерді беру жылдамдығының бірдей болуы үшін, негізгі ағынды және резервтік ағынды конфигурациялаңыз. Қолданыстағы конфигурацияда ағындардың деректерді беру жылдамдығы әртүрлі.
  • Кадр жиілігінің бірдей болуы үшін, негізгі ағынды және резервтік ағынды конфигурациялаңыз. Қолданыстағы конфигурацияда ағындардың кадр жиілігі әртүрлі.
  • Негізгі кадр жиілігінің бірдей болуы үшін, негізгі ағынды және резервтік ағынды конфигурациялаңыз. Қолданыстағы конфигурацияда ағындардың негізгі кадр жиігігі әртүрлі.
  • Аудионың дискретизация жиілігі бірдей болуы үшін, негізгі ағынды және резервтік ағынды конфигурациялаңыз. Қолданыстағы конфигурацияда ағындардағы аудионың дискретизация жиілігі әртүрлі.
  • Қолданыстағы конфигурацияда бейненің негізгі және резервтік ағындары әртүрлі дыбыстық арналарын пайдаланады. Ағындарды бірдей дыбыстық арнаға конфигурациялау қажет.
  • Дыбыс кодектерінің бірдей болуы үшін, негізгі ағынды және резервтік ағынды конфигурациялаңыз. Қолданыстағы конфигурацияда ағындардың аудио кодектері әртүрлі.
  • Негізгі және резервтік ағынның екеуін де дұрыс конфигурациялаңыз. Ағындар салыстырылмады, себебі ағындардың біреуінде жарамсыз конфигурация бар.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
4156536160872808485
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false