Тікелей трансляцияға шектеу қойылуының алдын алу

Мобильдік құрылғыдан тікелей трансляция жасау үшін мобильдік құрылғыдан жасалатын тікелей трансляцияға қойылатын талаптарға сай болуыңыз керек.

Арнаңыздың тікелей трансляция жасау мүмкіндігі әртүрлі себептермен уақытша немесе біржола өшірілуі мүмкін. Аккаунтыңызға тікелей трансляция жасауға шектеу қойылса, басқа арна арқылы да YouTube-те тікелей трансляция жасауға тыйым салынады. Бұл шектеу аккаунтыңыздан алынбайынша қолданылады. Бұл шектеуді бұзу Қызмет көрсету шарттарынан жалтару болып саналады және аккаунтыңыздың жойылуына әкелуі мүмкін.

Арнаңыздың тікелей трансляция жасау мүмкіндігін уақытша немесе біржола өшіру себептерін төменнен оқыңыз:

Қауымдастық қағидаларының шектеулері

  • Арнаңызға Қауымдастық қағидаларының бұзылғандығы туралы ескерту берілген немесе тікелей эфир саясаттарымызға сәйкес тоқтатылған.

  • Тікелей трансляцияңыз авторлық құқығы қорғалған басқа тікелей эфир контентіне сәйкес келеді.
  • Тікелей эфирде кәмелетке толмағандар бар. 13 жасқа толмаған балалардың жанында ересек болмаса, оларға тікелей трансляция жүргізуге рұқсат бермейміз. Бұл – YouTube-те балаларды қорғау үшін қойылатын талап. Осы талапты орындамаған арналар уақытша не біржола тікелей трансляция жүргізу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.
  • Функциялары өшірілген біраз бейнелері бар арналардың тікелей трансляция жасау функциясы да өшірілуі мүмкін. Арнаңызда ескертулер бар-жоғын және қазіргі уақытта тікелей трансляция жасауға рұқсатыңыз бар-жоғын тексеріңіз.
  • Қауымдастық қағидаларымызды бұзатын контентті тікелей эфирде көрсетуді ұсынсаңыз, контентке жас шектеуін қоюымыз, оны жоюымыз немесе арнаңыздың тікелей трансляция жасау мүмкіндігін өшіруіміз мүмкін.
  • Біреудің қару-жарақты ұстап тұрғанын, қолданып жатқанын немесе қару-жарақтың тасымалданғанын көрсететін тікелей трансляцияны жасауға рұқсат берілмейді. YouTube-тің қару-жараққа қатысты саясатына сай келмейтін арнаның саясатты бұзушы тікелей трансляциясы өшіріліп, тікелей трансляция жасау мүмкіндігі біржола немесе уақытша тоқтатылады.

Авторлық құқыққа қатысты шектеулер

“Балаларға арналған” контентке қатысты шектеулер

Арнаңыз немесе тікелей эфир аудиториясы балаларға арналған етіп орнатылса, кейбір функциялар өшіріледі немесе шектеледі. "Балаларға арналған" аудитория параметрі әсер ететін функциялардың толық тізімін осы жерден көріңіз.

Төменде бірнеше мысалы берілген:

Өшірілген функциялар

  • Тікелей эфир чаты: тікелей эфир чаты, тікелей эфир чатын қайта ойнату, Super Chat.
  • Пікір: тікелей трансляция мұрағаттары мен алда болатын трансляциялар туралы пікірлер.
  • Еске салғыш хабарландырулары: алда болатын трансляциялар туралы еске салғыш хабарландырулары.

Шектелген функциялар

  • Ерекше сәттер бейнесі: балаларға арналған бастапқы бейнелер жинағынан жасалған ерекше сәттер бейнесіне де түпнұсқа бейнеге қойылғандай шектеу қойылады.
  • Жарнамалар: тікелей трансляциялар мен премьераларда жекелендірілген жарнамалар өшіріледі. Контекстік жарнамалар көрсетілуі мүмкін.

Басқа шектеулер

Тікелей трансляция жасаудың күнделікті шегіне жеткен болсаңыз, 24 сағаттан кейін қайта жасап көруіңізге болады.

Жарнамалар

Еске сала кетейік, жарнамаға қолайлы контент туралы қағидалар және продакт-плейсмент пен тікелей жарнамаға қойылатын шектеулер тікелей трансляцияларға да қолданылады.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
2780586875632413021
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false