Тікелей трансляцияңыздың көрсеткіштерін көріңіз

YouTube-те тікелей трансляцияға шыққан кезде, трансляцияңыздың өнімділігін көре аласыз. Трансляцияға телефоннан не түрлендіргіштен шыққаныңызға қарай көрсеткіштер әртүрлі болады.

Тікелей эфирді басқару бетінің деректері

Трансляция кезінде Тікелей эфирді басқару бетінде тікелей эфир сапасы мен аналитикасын тексеруге болады. Трансляцияның бақылау тақтасынан мыналарды көруге болады:

Тікелей эфир сапасы

Тікелей эфир күйі: тікелей эфир күйі нұсқаулары бар нақты бір қате туралы хабарларды қамтиды.

Нақты уақыттағы аналитика

  • Бір уақытта көрген көрермендер: трансляцияны бір уақытта көрген көрермендер саны. Бір уақытта көрген ең көп көрермен саны – тікелей трансляция кезінде бір уақытта ең көп жиналған көрермен саны.
  • Ұзақтығы: трансляция жүргізілген уақыт ұзақтығы.
  • Лайктар: трансляцияны ұнатқан пайдаланушылардың жалпы саны. Лайктар тікелей трансляцияның VOD мұрағатына тасымалданады.
  • Чатта сөйлесу пайызы: тікелей эфир чатында минутына жіберілген хабарламалар саны.
  • Көру саны: тікелей эфирдегі трансляцияны жалпы көру саны.
  • Орташа көру ұзақтығы: әр көру санына шаққандағы көрермендердің трансляцияны көру ұзақтығының минутпен өлшенген орташа көрсеткіші.

Трансляциядан кейінгі аналитика

Трансляциядан кейінгі аналитика

Тікелей трансляция аяқталған соң, трансляция көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі.

  • Көру саны: тікелей эфирдегі трансляцияны жалпы көру саны.
  • Жаңа жазылушылар: трансляция кезінде арнаңызға жазылған пайдаланушылар саны.
  • Жалпы көру уақыты: барлық көру санын есептегендегі іс-шараның жалпы ойнатылған уақыты.
  • Бір уақытта көрген ең көп көрермен саны: тікелей трансляция кезінде бір уақытта ең көп жиналған көрермен саны.
  • Ұзақтығы: трансляция жүргізілген уақыт ұзақтығы.
  • Орташа көру ұзақтығы: әр көру санына шаққандағы көрермендердің трансляцияны көру ұзақтығының минутпен өлшенген орташа көрсеткіші.
  • Реакциялар: трансляция кезіндегі реакциялар саны және түрлері.

YouTube Studio-да

Бейне деңгейіндегі аналитика

  • Бір уақытта көрген көрермендердің орташа саны: трансляцияның кез келген минутында бір уақытта көрген көрермендердің орташа саны.
  • Бір уақытта көрген ең көп көрермен саны: трансляцияның кез келген бір уақытында ең көп жиналған көрермен саны.
  • Көрермен назарының сақталуына ықпал еткен негізгі сәттер: трансляцияңыздың түрлі сәттері көрермендердің назарын қаншалықты аударғаны (көрермен назарының сақталуына ықпал еткен негізгі сәттер туралы есепте берілген) туралы ақпарат.
  • Реакциялар: трансляция кезіндегі реакциялар саны және түрлері.

Арна деңгейіндегі аналитика

  • Бір уақытта көрген көрермендердің орташа саны: барлық трансляцияңызды есепке алғандағы бір уақытта көрген көрермендердің орташа саны.
  • Бір уақытта көрген ең көп көрермен саны: барлық трансляцияңызды есеп алғандағы бір уақытта ең көп жиналған көрермен саны.
  • Трансляция жүргізілген сағат саны: x пен y күндері аралығында тікелей трансляция жүргізілген жалпы сағат саны.

YouTube Analytics деректері

YouTube Analytics бөлімінде деректеріңізді Тікелей эфир, Сұрау бойынша немесе Тікелей эфир және сұрау бойынша сұрыптай аласыз.

Options to sort data are in the ‘Live & on demand’ dropdown in YouTube Analytics

Жеке бейнелерді немесе бейнелер тұрақты жүктеп салынатын арнаны көру уақыты туралы есептерді аласыз.

Есептерге мыналар кіреді:

  • көру уақыты;
  • көрермен назарының сақталуы;
  • демографиялық деректер;
  • ойнату орындары.
  • Сілтеме көзі және құрылғылар

Көру уақыты есебінде қолжетімді деректер туралы толық ақпарат ала аласыз.

Тікелей трансляцияда көрушілердің ең көп саны жиналған уақытты және чат хабарларын тексеруге болады. Есеп бейне деңгейінде қолжетімді және көрсеткіштер YouTube Analytics бөлімінде тікелей трансляция аяқталғаннан кейін бірнеше минут ішінде қолжетімді болады. Деректерді CSV файлы ретінде жүктеп алуға болады.

YouTube Analytics деректері бейне идентификаторына сүйеніп жасалады. Деректер өңделеді, спамнан тазартылады және тікелей эфирді басқару бетінде алатын ақпараттан басқа ақпаратты өлшейді.

Super Chat есебі туралы толық ақпарат алыңыз.

Ескертпе: тікелей эфирді іріктеу кезінде әрекеттестік туралы және табыс туралы есептер қолжетімді болмайды. Сіз "Бұл деректер тікелей эфир/сұраныс бойынша қолжетімді емес" деген қате туралы хабар аласыз. "Тікелей эфир және сұраныс бойынша" опциясын таңдаңыз немесе басқа есепке ауысыңыз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
11434559756894698525
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false