@TeamYouTube ұжымынан Twitter арқылы көмек алу

YouTube-тің қолдау көрсету мен ақпарат беруге арналған TeamYouTube ұжымы Twitter-де (@TeamYouTube) авторларға, көрермендер мен ақылы жазылым иелеріне уақытында жауап беріп, жаңалықтар жариялап отырады. Біз туралы шағын ақпарат:

  • Идентификаторымыз дүйсенбі сағат 09:00-ден бастап, жұма күнгі 17:00-ге дейін (Тынық мұхиты уақытымен) үзіліссіз бақыланады.
  • Ұжымымыз ағылшын, испан, португал, неміс, француз, жапон, индонезия, араб, хинди және корей тілінде жаңалықтар ұсынып, сұрақтарға жауап береді.
  • YouTube-тің @YouTube немесе @YouTubeCreators сияқты басқа ресми идентификаторларының тэгі бар сұрақтар мен сұрауларды бақылауға тырысамыз, дегенмен @TeamYouTube тэгі бар сұрақтарға басымдық беріледі.

Twitter-дегі @TeamYouTube туралы толық ақпарат

@TeamYouTube-ке жазған кезде қандай ақпарат қосу керек?

Баршаға ашық твит жарияласаңыз, электрондық пошта, телефон нөмірі немесе несиелік карта мәліметтері сияқты жеке тұлғаны анықтау ақпаратын қоспаңыз.

Көмек алу үшін @TeamYouTube тэгін енгізген кезде, келесідей қатысы бар ақпаратты қосыңыз:

  • арнаның немесе бейненің URL мекенжайы;
  • нақты мәселенің не тақырыптың скриншоттары;
  • сіз қолданатын құрылғы (мысалы, iPhone);
  • YouTube TV-ге қатысты мәселе туындаса, Әзірлеуші статистикасының скриншоты.

@TeamYouTube көмектесе алмайтын жағдайлар

Оларға келесі жағдайлар жатады:

  • Amazon Fire Stick не Roku сияқты Google-дан басқа өнімде немесе қызметте орын алған жағдай;
  • құқық иесімен арадағы авторлық құқық даулары;
  • құқықтық даулар;
  • Google AdSense аккаунттарын қайта іске қосу немесе өшіру;
  • арнаңызға хакерлік шабуыл жасалса, Авторларға қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз;
  • саясатпен байланысты шешімге келіспеген жағдай.

YouTube ақылы өніміне қатысты бір мәселе туындады. @TeamYouTube көмектесе ала ма?

Ақылы өнімдерге қатысты сұрақ қою немесе пікір жіберу үшін Twitter-дегі @TeamYouTube ұжымына хабарласа аласыз.

Аккаунтыңызға не мүшелікке тән мәселелер, ақылы өнімдер бойынша көмек алғыңыз келсе, YouTube қолдау көрсету ұжымына электрондық пошта, телефон не чат арқылы хабарласқан дұрыс, себебі бұл мәселелерді шешу үшін телефон нөміріңіз не электрондық поштаңыз сияқты жеке ақпарат қажет болуы мүмкін. Бұған келесідей мәселелер кіруі мүмкін:

  • төлем;
  • пакеттер қосу не өшіру;
  • жазылымды басқару;
  • құпия сөздерді ұмытып қалу және аккаунттың құлыпталуы;
  • апелляция жіберілген арнаны жою.

YouTube қолдау көрсету ұжымына келесі сілтемелер арқылы хабарласа аласыз:

Төлем қайтаруға қатысты көмек қажет пе?

@TeamYouTube төлем қайтаруға қатысты көмек бере алмайды. Бірақ өнімдердің көпшілігінің төлемін өз бетіңізше қайтара аласыз. Ақылы өнім төлемдерін қайтару туралы ақпаратты қараңыз.

YouTube-тің басқа да идентификаторлары бар ма?

Иә, ресми YouTube идентификаторлары келесідей:
  • @YouTube
  • @YouTubeCreators
  • @YouTubeTV
  • @CreatorLiason
  • @YTCretadores
  • @YTCriadores
  • @YTCreatorsIndia
  • @YTCreatorsJapan
  • @YTCreatorsDe
  • @YouTubeIndia
  • @YouTubeJapan
  • @YouTubeKorea
  • @YouTubeLATAM
  • @YouTubeMusic
  • @YouTubeInsider

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
16134959050989950380
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false